Ерекше іс-шара №6 Оқушылар үйіндегі сайлау учаскесінде өтті.
Алматыда барлық сайлау учаскесінде АЭС салу мәселесі жөніндегі республикалық референдум Қазақстанның әнұранын салтанатты орындаудан басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерекше іс-шара №6 Оқушылар үйіндегі сайлау учаскесінде өтті. Бұл жерде әнұран Түрксіб ауданының әкімдігі мен «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен сурдоаудармашылардың көмегімен ым тіліне аударылды.
«Бұл іс-шара осы ауданда тұратын есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға әнұран арқылы патриоттық сезім сыйлады», - делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға тең мүмкіндік беру арқылы инклюзивті бастамаларды белсенді түрде қолдап келеді.
Референдум өткізілген күні сайлау учаскелерінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен онлайн режимде 76 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Олар есту қабілеті нашар адамдарға сайлау ережесімен танысып, толық ақпарат алуға көмектесті. Инклюзивтілікті арттыру және барлық қала тұрғынына тең құқықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бұл бастама есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтардың сайлауға кедергісіз қатысуына мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты