Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, бүгін, яғни 6 қазанда сағат 7:00-ден бастап республикадағы барлық дауыс беру орындарында Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды.
Бүгін әр Қазақстан азаматы өз таңдауын жасауына мүмкіндік бар. Ел аумағында 10 мың 327 учаске құрылған. Тізімдегі дауыс беруге құқылы тұрғындардың саны 12 миллионнан асады.
Шекара асып шетелге шығып кеткен 12 мыңнан астам отандасымыз да азаматтық борышын өтей алады. Оларға арнап 59 мемлекетте референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Ал Алматыда 600-ден астам сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Биыл жастардың қатысуын арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Елде тіркеуде жоқ азаматтар да референдумда дауыс бере алады. Алматыда 40 учаскеде біркүндік тіркеу пункттері ұйымдастырылды. Сонымен қатар 172 дауыс беру орындарында өзін тізімнен таппаған азаматтарға тіркеу мәртебесін тексеру үшін арнайы қызметтер орнатылған.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар дауыс беру үшін 3 арнайы сервисті қолдана алады