Алматыға «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы үшін 5 мыңнан астам шетелдік турист келді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Тегін автобустар және метро жұмысын ұзарту: Алматыда УЕФА матчынан соң көлік қозғалысы қалай ұйымдастырылады

Новости партнеров