Іс-шара мегаполистің өткені, бүгіні мен болашағына арналды
Қала күні қарсаңында Алматыда қаланың әр ауданындағы жастарды біріктірген «Алматы: кеше, бүгін, ертең» атты танымдық викторина өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушылар Алматының тарихы, көрнекті орындары мен маңызды оқиғалары туралы сұрақтарға жауап беріп, қала жайлы қызықты деректерді еске түсірді. Сондай-ақ бүгінгі Алматының келбеті мен оны болашақта қандай қала ретінде көргісі келетіні туралы ой бөлісті.
Акцияның басты ерекшелігі — викторина дәстүрлі алаңдардан тыс жерде ұйымдастырылды. Аудандық комьюнити-орталықтардың белсенділері оны қала базарларында, қоғамдық кеңістіктерде және шалғай шағын аудандарда өткізіп, жас алматылықтарды күнделікті қала ортасында ойынға тартты.
Викториналар Тастақ және Арыстан базарларында, Байсат, Ялян, Кенжехан, Батыр, Сәлем, Адем, Түрксіб базарларында, сондай-ақ Шаңырақ Plaza, Болашақ, Еуразия, Алатау, Ақбұлақ, Өжет, Апорт, Қалқаман аумақтарында және қаланың шалғай шағын аудандарында өтті.
Жобаның басты идеясы — Алматыға деген сүйіспеншілік өз қалаңды танудан, оның тарихына құрметпен қараудан және болашағына жауапкершілікпен қараудан басталатынын еске салу.
Алматы күн сайын өзгеріп, дамып келеді. Алайда оның басты құндылығы — адамдар. Ал қаланың ертеңі бүгін осында өмір сүріп, білім алып, еңбек етіп, жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып жүрген жандарға байланысты.
Қала күні құтты болсын, сүйікті Алматы!
Оқи отырыңыз: Қала күніне орай Алматыда халықаралық D Billions балалар шоуы алғаш рет өнер көрсетеді