Қала күніне орай Алматыда халықаралық D Billions балалар шоуы алғаш рет өнер көрсетеді
Танымал артистер көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады
Алматыда Қала күніне орай Абай алаңында халықаралық деңгейде танымал балаларға арналған D Billions жобасы алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қырғызстаннан шыққан танымал артистер әрі балаларға арналған контент жасаушылар көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады.
D Billions – YouTube платформасында халықаралық танымалдыққа ие болған, әлемдегі ең танымал балалар музыкалық топтарының бірі. Олардың әндері, би челлендждері мен жарқын музыкалық бейнелері әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар мен отбасылардың сүйіспеншілігіне бөленген. Жоба контентінің жалпы қаралымы ондаған миллиардқа жетеді.
20 қыркүйекте сағат 19:00-де D Billions бүлдіршін көрермендерге арналған жарқын музыкалық-би бағдарламасын ұсынады.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын Қала күнін бірге атап өтіп, мерекелік іс-шараның ерекше атмосферасына қосылуға шақырамыз!
Оқи отырыңыз: Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды