Алматының бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды

28.10.2024 09:15

Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ББЖ) жобасын жүзеге асыру жалғасып келеді. Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ББЖ жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.

Қазіргі уақытта 603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған.

Биыл екінші тоқсанда «Сергек» зияткерлік қауіпсіздік жүйесінің қосымша 300 аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Айта кетейік, қалада 9034 бейнекамерадан тұратын 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Зарина Дияс Қытайдағы турнирге арнайы шақырту алды