Алматының Бостандық ауданында жаңа заманауи емхана ашылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл нысандарды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қосымша 18,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Алматыдағы медициналық мекемелердің ауқымды жаңғырту жұмыстарына бағытталады. Бұл туралы Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қалқаман» шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана мен Түрксіб ауданындағы №4 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба аясында емдеу корпустары жаңартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынады. Сондай-ақ жаңа желдету және энергия үнемдеу жүйелері енгізіледі.

«Әсіресе, Бостандық ауданында 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысын ерекше атап өткім келеді. Бұл аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді», – деді Қанат Сухамбеков.

Оның айтуынша, Алатау ауданының «Саялы» шағынауданында және Түрксіб ауданындағы Айбасов көшесінде салынып жатқан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысандарды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне үстемеақы белгіленді

Новости партнеров