Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде су беру уақытша тоқтатылады

16.09.2026 16:03

Магистральдық су құбыры қайта төселеді

Depositphotos.com

Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді жаңғырту жұмыстарына байланысты магистральдық су құбыры қайта төселеді.

Осыған байланысты 18 қыркүйек күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев, Жароков көшелері мен Абай және әл-Фараби даңғылдары шектесетін аумақта су беру уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Қала күніне орай 1000 жас суретші бір мезетте Алматыны бейнелейді

Толық көрсету