Алматының қай тұрғын үй кешенінде суық су болмайды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жұмыстар жүргізілген кезеңде Әуезов көшесі бойында су қысымының төмендеуі күтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында су құбыры желілерін және су нысандарын қайта құру жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар су құбыры жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы жұмыстар аясында  «Алматы Су» МКК технологиялық жабдықтарды ауыстыруды және жаңа инженерлік желілерді іске қосуды жүргізуде.

2025 жылғы 27 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жаңа су құбырын желіге қосу жұмыстары барысында суық судың берілуі уақытша тоқтатылады. Шектеу Бостандық ауданындағы келесі көше шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты: Тимирязев көшесі – Сыпатаев көшесі – Әуезов көшесі – Абай даңғылы, «Атакент» ҚІЫО аумағы.
Жұмыстар жүргізілген кезеңде Әуезов көшесі бойында су қысымының төмендеуі күтіледі.

28 тамызда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жаңа сүзгі станциясын салу аясында технологиялық жұмыстар жүргізіледі.Осы кезеңде уақытша су беру: Ақжар шағынауданы (Ақсай сүзгі станциясының ықпал ету аймағы), Тастыбұлақ, Таужолы шағынаудандарында тоқтатылады.

«Алматы Су» МКК келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеді.

Қосымша ақпарат алу үшін телефон: 274-66-66

Оқи отырыңыз: Алматының кей аймағында суық су уақытша өшіріледі

Новости партнеров