Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталып отыр

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дархан Сатыбалды кеңейтілген аппараттық кеңес өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды кеңейтілген аппараттық кеңес өткізіп, онда қаланың он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатының игерілуі және ақпараттық жұмыс мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңесте негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталғаны атап өтілді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және сауда салаларындағы өсім жалғасып келеді. Осыған байланысты қала әкімі барлық бағыт бойынша жылдық жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ бюджет қаражатының игерілу барысы талқыланды. Жыл соңына дейін жоспарланған жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау міндеті қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуына басқармалар мен аудан әкімдіктерінің басшылары жауапты.

Жиында тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселесіне де назар аударылды. Қала тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстар, олардың аяқталу мерзімі мен қабылданған шешімдер туралы уақытылы ақпарат алуы тиіс. Дархан Сатыбалды азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, нақты жауап беруді тапсырды.