Алматының Медеу ауданында 60 аула жаңартылып жатыр

Бұрын бос жатқан аумақтар бүгінде аудан тұрғындары үшін демалыс аймақтарына айналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Медеу ауданы айтарлықтай өзгеріп келеді: көше жарығы жақсарып, аула көркейіп, қоғамдық кеңістіктер көркейтіліп отыр. Қазір 60 аула аумағында күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, аулаларда заманауи балалар және спорт алаңы орнатылып, жаңа шамдар қойылған, ағаштар мен гүлзарлар егілген. Бұрын бос жатқан аумақтар бүгінде аудан тұрғындары үшін демалыс аймақтарына айналған. 

Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы құны 2 млрд теңге болатын 34 жоба қолға алынған. Тұрғындардың бастамасымен 17 аула мен 13 қоғамдық кеңістік жаңартылып, төрт нысанда автосуару жүйесі орнатылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жобалары да аяқталды: Қарасай батыр көшесіндегі жүргіншілер аймағы жаңартылып, Уәлиханов бульвары абаттандырылды. Қазір Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының аумағын және Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы жазғы сахнаның қасбетін көріктендіру жұмыстары қызған.

Оқи отырыңыз: Елімізде жанармай экспортын шектеу мерзімі тағы ұзартылды

Новости партнеров