Талап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жеткізілетін жанармайды да қамтып отыр.
Елімізде жанармай экспортын шектеу мерзімі тағы жарты жылға ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Энергетика министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, 20 қарашадан бастап, келер жылдың 20 мамырына дейін қара алтынды ел аумағынан шығаруға тыйым салынады.
Қолға алынған шара алдымен бензин мен дизель отынын, сондай-ақ бірқатар мұнай өнімдерін автокөлік және теміржол арқылы экспорттауды шектейді. Талап Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жеткізілетін жанармайды да қамтып отыр.
Министрліктің мәліметінше, бұл қадам ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтап, аймақтардағы бензин тапшылығына жол бермеу мақсатында қабылданған. Елде кейінгі жылдары мұнай өнімдерінің бағасы көрші мемлекеттермен салыстырғанда төмен болғандықтан, жанармайды сыртқа заңсыз тасымалдау деректері жиілеген.
Оқи отырыңыз: Балқаш көлінде браконьерлер ұсталды