Осылайша 2,2 мың абонент, яғни 6 мыңнан астам тұрғын инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады
2025 жылдың соңына дейін Наурызбай ауданында 120 км су құбыры және 93,5 км кәріз желілерін салу бойынша ауқымды жұмыстар аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа желілер Ақжар, Қарағайлы, Таусамалы және Тастыбұлақ шағынаудандарындағы 97 көшеде салынады. Осылайша 2,2 мың абонент, яғни 6 мыңнан астам тұрғын инженерлік инфрақұрылыммен қамтылады.
2024 жылы ауданда 55 км инженерлік желі, оның ішінде 26,4 км су құбыры және 22,1 км кәріз жүйесі салынды. Бұл жұмыстар Ақжар мен Қарағайлы шағынаудандарындағы 27 көшені қамтып, 750 абонентке, яғни 3,5 мың тұрғынға су және кәріз жүйесіне қосылу мүмкіндігін берді.
Жалпы, 2025 жылы Алматы қаласы бойынша 260 км жаңа желі салынып, 87 км инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылмақ.
Оқи отырыңыз: Алматының Наурызбай ауданында биыл 35 көше жолдары орташа жөндеумен қамтылады