Алматының Орталық стадионында Спорт фестивалі өтеді

15.08.2025 15:50

17 тамыз – Қазақстан Республикасы Спорт күні

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

17 тамызда Алматының Орталық стадионында Қазақстан Республикасы Спорт күніне арналған спорттық іс-шара – Спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл күні қонақтар мазмұнды бағдарлама мен әртүрлі спорт түрінен өтетін жарыстарға куә болады:

  • Жеңіл атлетика – балалар арасында жүгіру жарысы;
  • Экстремалды атлетика – ең төзімді жандарға арналған кедергілер арқылы жүгіру;
  • Шахмат – зияткерлік сайыстар;
  • Тоғызқұмалақ – қазақтың дәстүрлі үстел ойыны;
  • Қазақ күресі – ұлттық күрес;
  • Грек-рим және еркін күрес – күш пен техниканың ұштастырған белдесу;
  • Фиджитал футбол – тіркеме мен шынайы алаңдағы футболдың бірегей үйлесімі;
  • Баскетбол 3х3 – қарқынды көше матчтары;
  • Каратэ және таэквондо – шығыс жекпе-жектері, шеберлік пен тәртіп;
  • Теннис – шеберлік сабақтары мен көрсетілімдік ойындар.

Өтетін орны: Орталық стадион. Басталуы: 10:00, кіру - тегін.

Отбасыңызбен келіп, Спорт күнін бірге тойлап, энергия мен шабыт алуға шақырамыз!

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі