Алматының туризм саласына салынған инвестиция рекордтық деңгейге жетті

14.09.2026 14:26

Жеті айда салынған 137,8 млрд теңге - бизнестің Алматының туристік әлеуетіне деген сенімінің айқын көрсеткіші

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының туризм саласына салынған инвестиция соңғы 8 жылдағы рекордтық деңгейге жетті

Алматының туризм саласына салынған инвестиция көлемі соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

2026 жылы қаңтар-шілде айларында туризм саласындағы негізгі капиталға 137,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға жоғары. 

Әсіресе, 2019 жылы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда Алматының туризм саласына салынған инвестиция көлемі шамамен 2,8 есе артқаны байқалады.

Қаражаттың негізгі бөлігі жолаушыларды жерүсті және әуе көлігімен тасымалдауды, өнер, ойын-сауық және демалыс нысандарын, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ автокөлікті жалға беру және лизинг қызметтеріне бағытталды.

Инвестиция көлемінің ең жоғары өсімі автокөлікті жалға беру және лизинг, жолаушылар тасымалы, өнер, ойын-сауық және демалыс бағыттарында байқалды.

Бұл көрсеткіш Алматыда туризм индустриясының жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Кәсіпкерлер қаржыны тек қонақ үйлер мен туристік нысандарға ғана емес, олармен байланысты көлік, мобильділік, қонақжайлық, ойын-сауық және демалыс инфрақұрылымына да бағыттап отыр.

Қалада туристер үшін қолайлы жағдай жасалып, олардың Алматыда ұзақтау болуына мүмкіндік беретін заманауи туристік экожүйе қалыптасып келеді. Бұл ретте көрсетілетін қызмет түрлері де кеңейіп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа мүмкіндіктер пайда болып отыр.

Жеті айда салынған 137,8 млрд теңге - бизнестің Алматының туристік әлеуетіне деген сенімінің айқын көрсеткіші. Сонымен қатар бұл туризмнің қала экономикасын дамытудың болашағы зор бағыттарының біріне айналып келе жатқанын аңғартады.

Инвестициялық белсенділіктің сақталуы жаңа жобаларды жүзеге асыруға, заманауи туристік нысандардың көбеюіне және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Алматының Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші туристік орталық ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз:  Алматының Түрксіб ауданында спорт пен демалысқа арналған жаңа аймақ көркейтілді

Толық көрсету