Алматының жасыл желегі жаңа сәндік ағаштармен толықты

Almaty.tv
Almaty.tv

Демалыс орнының көркін келтіретін тал-теректерді егу шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының жасыл желегі тағы 14 мың декоративті өсімдікпен толықты. Қытайдан арнайы алдыртылған сәндік ағаштардың басым бөлігі Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағына отырғызылды. Демалыс орнының көркін келтіретін тал-теректерді егу шарасына Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа өсімдіктердің арасында ерекше пішінді қарағайлар да, биіктігі 8 метрге жететін шыршалар да бар. Ағаштардың бірден жерсініп кететініне мамандар сенімді. Себебі шетелдік көшеттер алдымен жылыжайларға жеткізіліп, сол жерде бапталған.

«Бұл өсімдіктер әлі талай жыл саябаққа көрік берері сөзсіз. Оларды күтіп-баптауға көмектесеміз, кеңес беріп тұрамыз. Алматыға ерекше сәнді тал-теректерді екінші рет алып келдік» – деді жеткізуші компанияның директоры Шэнь Янь.

Айта кетейік, биыл қаланы жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері шаһарда шамамен 1,4 миллион өсімдік отырғызылған. Оның 7,5 мыңы ірі ағаштар болса, 1 миллион 300 мыңнан астамы көшеттер. Қаланың көшелерін, саябақтарды, қоғамдық орындарды тұрғындарға жайлы ету үшін алдағы уақытта да ұзақ уақытты жоспар жалғаса бермек.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді