Алматының Жетісу ауданында 500 оқушы Әнұранды шырқады

24.10.2024 16:51

Сондай-ақ жасөспірімдер 25 деген санды құрап, флешмоб ұйымдастырды

Алматының Жетісу ауданында 500 оқушы мемлекеттік әнұранды орындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Олар – аудандағы 21 мектептің 6-7-сынып шәкірттері.

Сондай-ақ көк туды желбіреткен жасөспірімдер 25 деген санды құрап, флешмоб ұйымдастырды. 

Іс-шара ұлттық мереке – Республика күніне орайластырылған. Мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Оқи отырыңыз: "Мен сені сүйемін, Қазақстан": Алматы мектебінде айтыскер ақынмен кездесу өтті