Асқар Ақаев ҚазҰУ-де жасанды интеллект дәуірі туралы дәріс оқыды

Қырғызстанның тұңғыш президенті адамзат дамуының жаңа кезеңі туралы айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қырғыз Республикасының тұңғыш Ппрезиденті, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Асқар Ақаев көшбасшылық дәріс оқыды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен жоғары оқу орнының оқытушылар құрамы қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Келелі кездесуде профессор адамзат дамуының жаңа кезеңдері тақырыбында сөз қозғап, әлемнің технологиялық, демографиялық және эволюциялық үш маңызды шекара алдында тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ ол жасанды интеллектінің өркендеуі мен оның экономикаға ықпалын жан-жақты талдады.

Айта кетейік, мазмұнды кездесу екі күнге жалғасады.  

«Бүгінде әлемде барлық сала жасанды интеллект кезеңіне қадам басты. Егер адамзат осы технологиялық толқынды саналы түрде игерсе, даму мүмкіндігіміз жоғары болмақ. Қазақстанда да биыл көптеген өзгерістер болды. Мәселен, Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауында жасанды интеллект министрлігін құру қолға алынды. Бұл - өркениеттік бетбұрыстың алғышарты. Сондай-ақ бүгін мен барлық салада жасанды интеллектінің ықпалын жан-жақты түсіндіремін, талдаймын. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды талдау үшін жасанды интеллект моделдерін бөліп көрсетемін», - деді М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, профессор Асқар Ақаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы алғаш рет сахналанды

Новости партнеров