Бекжан Тұрыс: Алматы – тау тұлғаларды тәрбиелеген рухы биік мекен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы – тарихы бай, ұрпақ сабақтастығы үзілмеген киелі мекен. Еліміздің ең үлкен шаһарында сан ғасырдан бері білім мен мәдениет, өркениет қатар дамып келеді. Еліміздің ғана емес, Орталық Азиядағы экономикасы ірі мегаполистің бірі. Бүгін ел драйверіне айналған қаланың төл мерекесі. Осыған орай Almaty.tv тілшісі елімізге танымал тұлғалардың жылы лебін тыңдады.

«Қазақстанның ең сұлу қаласы – Алматы. Алматы күнімен құттықтаймын! Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерге барғанда Алматы десек «сұлу қала» дейді. Шынында да Қазақстанның ең сұлу қаласы – біздің Алматы. Баршаларыңызға тілейтінім, қаламыз көркейе берсін. Елімізде тыныштық, аспанымыз ашық болып, іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын!» – деді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

«Қала мерекесімен құттықтаймын! Тарихтың қойнауынан құлағымызға шалынып,  жүрегімізде жатталған аңыз қалаға балғын болып келіп, ес жиып, етек жаптық», – деді Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов.

«Әсем қаламыз Алатаудың етегінде тұрған жәй ғана шаһар емес, бұл - бар қазақтың тербеліп өскен тал бесігі. Ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің ошағы. Талай жастардың көкірек көзін ашып, тау тұлғаларды тәрбиелеген, құшағына алып әлдилеген рухы биік мекен. Мен Алматы тұрғындарын Алматы күнімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс.

Оқи отырыңыз: Ұлықбек Есдәулет: Алматы – қанша оқысаң да жалықтырмайтын кітап