5 елден 200-ден астам жас хоккейші Almaty Nova Cup 2026 турнирінде бақ сынады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Халық Арена» мұз сарайында алғаш рет халықаралық деңгейдегі балалар хоккей турнирі — Almaty Nova Cup 2026 ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды  Almaty.tv

1-3 мамыр күндері өткен дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай және Қырғызстан елдерінен келген 12 команда қатысты. Жарысқа 2016 жылы туған 200-ден астам жас спортшы шығып, шеберліктерін паш етті. Жарысты тамашалауға 30 мыңнан астам көрермен жиналды.

Турнир қорытындысы бойынша Екатеринбург қаласының Д13 командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс жүлде мәскеулік «Авангард» командасына бұйырса, қола медальді Қытайдың Panthers командасы қанағат тұтты.

Төртінші орыннан он екінші орынға дейінгі командалар келесідей ретпен орналасты: «Барыс» (Астана), «Динамо» (Алматы), «Медведи» (Алматы), «Юность» (Қарағанды), «Стрижи» (Қырғызстан), «Рахымжан» (Алматы), «Алатау» (Алматы), «Школа Салея» (Минск), «Алга» (Қырғызстан).

Жарыс барысында үздік ойыншылар да анықталды:
— үздік бомбардир — Савва Гловацкий (Д13, Екатеринбург);
— үздік сұрмерген — Zhang Ande (Panthers, Қытай);
— үздік қорғаушы — Ілияс Исабек («Барыс», Қазақстан);
— үздік қақпашы — Yang Caspar (Panthers, Қытай).

Ең әдемі гол үшін жүлде Егор Панюшинге («Авангард», Мәскеу) берілсе, көрермен көзайымы аталымын Никита Рудков (Д13, Екатеринбург) иеленді.

Сондай-ақ, турнир серіктестері атынан арнайы марапаттар Иван Макатовқа («Школа Салея»), Альбина Қойшыбайға («Алатау») және Георгий Рожковқа («Авангард») табысталды.

Айта кетейік, Almaty Nova Cup турнирін тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама балалар хоккейін дамытуға серпін беріп, қазақстандық жас спортшылардың халықаралық аренада бақ сынауына жол ашады.

Оқи отырыңыз: Алматыда қауіпті су айдыны анықталды

Новости партнеров