Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Көрмеге әлемнің 24 елінен 414 компания қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 24-ші Қазақстан халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі — KITF 2026 мәресіне жетті. Үш күнге созылған іс-шараға 6 мыңнан астам адам қатысып, Орталық Азиядағы ең ірі туристік алаңдардың біріне айналды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Көрмеге әлемнің 24 елінен 414 компания қатысты. Алғаш рет Кипр, Моңғолия, Шри-Ланка және Абу-Даби әмірлігі таныстырылды. Бұл қатысушылар ауқымының кеңейіп, Алматыға туристік бағыт ретінде қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Көрмеде Қазақстан атынан 68 компания ұсынылды. Іс-шара іскерлік кездесулер өткізуге, әріптестік байланысты нығайтуға және қаланың туристік әлеуетін ілгерілетуге мүмкіндік берді.

Алматы қаласы Туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбиханның айтуынша, мұндай іс-шараларға қатысу кірмелік туризмді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Көрме жетекшісі Виктория Павленконың айтуынша, Алматы шетелдік туристер үшін, әсіресе сауықтыру және wellness-туризм сегментінде, сұранысқа ие бағыт мәртебесін сақтап отыр.

Халықаралық көрмелерді өткізу туристік саланы дамытудың және туристер санын арттырудың тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Алматының жас жазушысы – 2026» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Новости партнеров