Дархан Сатыбалды: Алматыда жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желі жаңартылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл жүйе тұрақты түрде дамытуды және жаңартуды талап етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әр кезеңде салынған инженерлік желілердің күрделі жүйесі қалыптасқан. Бұл жүйе тұрақты түрде дамытуды және жаңартуды талап етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін «Ақсай», «Нұрлы Тау» және «Барлық» су алу құрылыстарының, сондай-ақ 460 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл шаралар қаладағы 232 мың тұрғынды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы ұзындығы 19 шақырым болатын үлкен диаметрлі коллектор, сондай-ақ қаланың оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінен сарқынды суларды ағызуға арналған жалпы ұзындығы 33 шақырым болатын 3 кәріз коллекторы салынады. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын жаңа Батыс коллекторы Алматының батыс бөлігін және облысқа іргелес аумақтарды қамтиды.

«Энергетика саласында Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында иесіз қалған 147 шақырым желіні қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Батыс жылу кешенін кеңейту және қуаты 100 МВт болатын екі қазандық агрегатты орнату қаладағы 250 мың тұрғынның жылумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Шығыс қақпасы» және «Кірпіш» 110 кВ қосалқы станцияларын салу қаланың шығыс бөлігіндегі келешегі бар аудандарды сенімді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Жалпы жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желіні жаңарту көзделген. Оның ішінде: су құбыры желілері – 35 шақырым, кәріз жүйесі – 10 шақырым, жылу желілері – 39 шақырым, электр желілері – 45 шақырым», – деді Дархан Сатыбалды.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

Новости партнеров