Дархан Сатыбалды Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті

29.05.2025 18:25

Кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының Германия Федеративтік Республикасының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-Министрі Анке Релингермен кездесуінде экономика, денсаулық сақтау, экология, білім беру және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Германия Алматының негізгі экономикалық серіктестерінің бірі: қалада Siemens, Volkswagen, Metro Cash & Carry, Bayer, Knauf сынды ірі компанияларды қосқанда, неміс капиталының қатысуымен 370-тен астам кәсіпорын жұмыс істейді.

"Кездесу аясында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, қазақстандық дәрігерлер үшін Германияның жетекші университеттік клиникаларда алмасу және тәжірибелік оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Германияның оңалту медицинасы саласындағы тәжірибесін енгізу жайы қозғалды", - делінген хабарламада.

Бұған қоса, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесі де назардан тыс қалмады. Тараптар Қазақстан-Неміс университетінің, Гёте институтының және «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қорының екі ел халықтары арасындағы байланысты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

Оқи отырыңыз: Алматыда салық төлеушілерге арналған ашық есік күні өтті