Дауысымды ел болашағы үшін бердім – журналист Бигелді Ғабдуллин таңдау жасады

06.10.2024 15:30

Журналист Бостандық ауданында орналасқан сайлау учаскесіне барды

РСК

Қазақстандық журналист, жазушы Бигелді Ғабдуллин Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.       

Журналист Бостандық ауданында орналасқан №191 мектептің №235 сайлау учаскесіне барды. Дауыс берген соң, Бигелді Ғабдуллин референдумның маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ бұл әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге ерекеше мүмкіндік екенін айта кетті.

«Өз дауысымды ел болашағы үшін бердім. Қандай шешімді қолдайтынымды өздеріңіз тауып көріңіздер...» - деп өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Оқи отырыңыз: 100 жастағы ҰОС ардагері Алматыда өткен референдумда дауыс берді