Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Жүргізушілерден жол жүру бағытын жоспарлау кезінде алдағы уақытша шектеуді ескеру сұралады
Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысын уақытша шектеу жоспарланып отыр. Бұған кернеуі 10 кВ болатын кабель желісін тарту жұмыстары себеп. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кабельді ашық әдіспен төсеу жұмыстары сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін мердігер ұйым жол жабыны мен көркейту элементтерін қалпына келтіреді.
Жүргізушілерден жол жүру бағытын жоспарлау кезінде алдағы уақытша шектеуді ескеру сұралады.
Оқи отырыңыз: «7-20-25» ипотекасы жабыла ма: оператор бағдарлама болашағын түсіндірді