Алматының жас эко-рейнджерлері сайлау учаскесіне велосипедпен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ерекше бастамаға 20-дан астам жас қатысты. Олар экологиялық әрі белсенді өмір салтын азаматтық белсенділікпен ұштастырды.
Жастардың айтуынша, велосипедпен келу - қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастырудың бір жолы.
Дауыс бергеннен кейін эко-рейнджерлер велосипедпен қала көшелері арқылы бағыттарын жалғастырды.
Оқи отырыңыз: Суперқаһармандар мен ұлттық ойындар: Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр