Марапатқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар ұсынылды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қаланың 93 тұрғынына мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, марапатқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар ұсынылды. Олардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1-дәрежелі «Барыс» орденімен «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазина марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы суретші Алексей Уткинге, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармонияның солисі Гүлнар Құрамбаеваға және тағы басқаларға берілді.
Алматы әкімі «Парасат» орденін Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжоловаға, «Дос-Мұқасан» ВИА тобының қатысушысы Ұлықпан Сыдықовқа және т. б. табыс етті; «Құрмет» орденімен Халықаралық білім беру корпорациясының профессоры Таңатқан Абақанов, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, еңбек ардагерлері Қуаныш Абдухалимов, Лиза Каримова, Жанат Шанина және тағы басқалар марапатталды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының атынан Ерболат Досаев:
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және басқалар қатысты. Салтанатты марапаттау рәсімі қала әкімдігінің ғимаратында өтті.
Оқи отырыңыз: Республика күні қарсаңында мұғалімдер, ғалымдар, өнер қайраткерлері, жазушылар, құтқарушылар марапатталды