Ерболат Досаев энергетика саласының қызметкерлеріне құрмет наградаларын табыс етті

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкеріне алғысын білдіріп

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев энергетика саласының мамандарын кәсіби мереке - Энергетика күнімен құттықтап, оларға құрмет марапаттарын тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен энергетика саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін еңбек ардагері Нұрахан Сейітқұлов "Құрмет" орденімен марапатталды. Оның кәсіби жолы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ құрамына кіретін Жамбыл аудандық электр желілерімен байланысты. Нұрахан Сейітқұлов ауылдық округтің шеберінен ЖАЭС-тің бірінші басшысына дейінгі жолдан өтті.

"III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Алматы Қала Жарық", "Алматы жылу желілері", "Алматыжылукоммунэнерго" және "Алматы электр станциялары" кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды», - делінген хабарламада.

Қала басшысы энергетика саласының барлық қызметкеріне алғысын білдіріп, олардың Алматы инфрақұрылымын дамытудағы және қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудағы басты рөлін атап өтті.

Новости партнеров