Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерттер күн бойы жалғасады
9 мамыр күні 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды концерттік бағдарлама өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күндізгі бағдарлама Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің «AlJazz Symphony»-нің маэстро Александр Беляков басқарған салтанатты өнер көрсетуімен басталады. Оркестрдің сүйемелдеуімен «Синий платочек», «Темная ночь», «Эх, дороги», «Журавли», «Нам нужна одна победа», «День Победы», «Жеңіс күні», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Кестелі орамал», «Әлия» және т.б. соғыс жылдарындағы танымал шығармалар мен патриоттық әндер шырқалады.
Бағдарламаға Қазақстанның танымал әншілері: Төлеген Рахымбаев, Венера Алпысбаева, Олег Татамиров, Алексей Тимофеев, Толқын Забирова, Береке Еңкебаева, Бақтияр Тайлақбаев, Игорь Благодарный, Мақсат Саматов, сондай-ақ, Art Classic, Il Canto, La Bella вокалды ансамбльдері және басқалар қатысады.
Музыкалық эстафетаны «Қасымның әндері-ай» концерті, Қазақстанның халық артисі Талғат Күзембаев пен «Генерал» тобының жеке концерттері жалғастырады.
Cаябақта алматылықтар мен қала қонақтарына сағат 21:00-ге дейін басты сахнада музыка үзіліссіз шырқалады – мерекелік концерттер күн бойы жалғасады.
Оқи отырыңыз: Жеңіс күні: Алматыда қоғамдық көліктер қай бағытта тегін жүреді