Шығыс Қазақстан фермерлері Алматыға қолжетімді бағада жаңа сойылған ет пен табиғи бал әкелді

Жалпы сатылым көлемі шамамен 400 тонна өнім

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1-2 қарашада кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан тікелей балғын әрі сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады, - деп хабарлайды Аlmaty.TV

Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылған және сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Іс-шара барысында 50-ден астам түрлі өнім түрі ұсынылған. Оның ішінде ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи бал, шұжық өнімдері, жарма, ұн, өсімдік және мал майлары және басқа да тағам түрлері бар.

Жалпы сатылым көлемі шамамен 400 тонна өнім. Соның ішінде 120 тоннасы – ет өнімдері, 100 тоннасы – көкөніс пен жеміс-жидек, 50 тоннасы – сүт өнімдері, ал қалған 130 тоннасы – өзге де тауарлар.

Оқи отырыңыз: Қала келбеті: Тереңқұр толық жаңғырып, алматылықтардың сүйікті демалыс орнына айналды

Новости партнеров