GITEX AI Kazakhstan: елде алғаш өтетін көрме Орталық Азиядағы цифрлық экономиканы дамуына тың серпін бермек

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2026 жылы 4-5 мамыр аралығында «Атакент» халықаралық көрме орталығында 60-тан астам елдің алпауыттары жиналады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алғаш рет өтетін GITEX AI Kazakhstan Орталық Азияның жаһандық цифрлық экономикадағы дамуына тың серпін береді,

Əлемдегі ең ірі технологиялық платформа өңірдің цифрлық даму он жылдығының негізін қалау мақсатында үздік ақыл-ой иелерін, саясаткерлерді жəне саланың негізгі ойыншыларын Алматыда жинайды.

Жасанды интеллектке бағытталған Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық көрме келесі аптада Алматыда алғаш рет ашылып, Қазақстанды өңірдің цифрлық жəне технологиялық көшбасшылық жолындағы алдыңғы қатарға шығарады. Осылайша жаһандық инновациялар, технологиялық капиталды тарту жəне трансшекаралық ынтымақтастық тарихының жаңа бетін ашпақ.

Цифрландыру жəне жасанды интеллект жылы аясында GITEX AI Kazakhstan 2026 жылғы 4-5 мамыр аралығында «Атакент» халықаралық көрме орталығында 60-тан астам елдің саясаткерлерін, корпоративтік сектордағы технологиялық алпауыттарды, стартаптар мен инвесторларды бір ортаға жиналады. Мақсат – Орталық Азия мен Кавказдың əлемдік технологиялық көшбасшылысы атануын жеделдету.

 Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚЗ Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрлігі, Astana Hub жəне Алматы қаласының əкімдігі.

Көрмені ұйымдастырумен əлемдегі ең ықпалды технологиялық платформаны Еуразия жүрегіне əкелген жаһандық ұйымдастырушы inD компаниясы (GITEX) айналысады. Іс-шара осы саланың қарқынды дамуына тұспа-тұс келіп отыр: dealroom.co сараптамалық платформасының мəліметінше, соңғы жеті жылда Қазақстанның технологиялық экожүйесі 18 есеге өсіп, жалпы құны $26 млрд-қа жетті.

Алматыдағы GITEX AI Kazakhstan 300-ден астам технологиялық компания мен стартаптың, 150 спикердің жəне 100 инвестордың басын қосады. Көрме халықаралық серіктестіктің, жаһандық нарыққа шығудың жəне жекелеген ЖИ-дан бастап инвестициялар мен адами капиталды дамытуға дейінгі негізгі тақырыптар талқыланатын алаң болмақ. Көрменің ашылуы қарсаңында, Орталық Азияның технологиялық күн тəртібі үшін шешуші оқиғаға айналатын іс-шара алдындағы соңғы дайындықтар қарқын алған тұста өткен медиабрифингте билік өкілдері мен экожүйенің көшбасшылары ЖИ жəне цифрлық даму саласындағы өз бағдарларын айқындады.

«Қазақстан аймақтық ЖИ-хаб дəрежесі негізгі үш тетік арқылы ұмтылады:

  • GPU-суперкластерлер арқылы жергілікті есептеу қуаттарын дамыту (олардың бірі министрлік қарамағында, əлемдік топ-86 қатарына кіреді);
  • институционалдық бекіту – жасанды интеллект туралы заңның қабылдануы жəне Астананың үш жылдық цифрлық стратегиясының бекітілуі;
  • жас мамандарға тегін тəжірибеге бағытталған білім беретін TUMO Astana жобасын іске қосу арқылы кадрлық жүйені қалыптастыру.

 «EXPO кешенін халықаралық ЖИ орталығы ретінде қайта іске қосу ішкі ресурстардың жинақталғанын жəне оларды мемлекеттік сектор, əлеуметтік сала жəне экономика,а арналған қолданбалы нəтижелерге айналдыру үдерісінің қарқын алғанын көрсетеді. Біздің міндетіміз – жинақталған инфрақұрылымдық жəне институционалдық артықшылықтарды нақты, өлшенбелі нəтижелерге айналдыру», – деді ҚР Жасанды интеллект жəне цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев.

«Алматы – Қазақстанның IT саласының негізгі орталығы: мұнда елдегі барлық IT-компанияның үштен біріне жуығы шоғырланған, ал олардың үлесіне IT-қызметтердің жалпы көлемінің 52%-ы тиесілі. Қала стартаптар, инвестициялар жəне инновацияларға тартымды орталық ретіндегі беделін жүйелі түрде нығайтып келеді. GITEX AI Kazakhstan Алматының біздің цифрлық болашағымызды қалыптастыратын идеялар, капитал жəне серіктестіктер тоғысатын орталық екенін тағы бір рет дəлелдейді», – деді Алматы қаласы əкімінің орынбасары Олжас Смағұлов.

 «Astana Hub-тың басты миссиясы – бүкіл экожүйеге мүмкіндік жасау. GITEX AI Kazakhstan сияқты іс-шаралар осы мүмкіндіктерді нақты уақытта жүзеге асырады. Көрме жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, инвестиция жұмылдырады жəне Қазақстанның жаһандық деңгейдегі танымалдылығын арттырады», – деді Digital Bridge бас директоры Дания Ахметова (Astana Hub):

Өңір – жаһандық цифрлық инфрақұрылымдық серпілістің орталығында Қазақстан, Қырғызстан жəне Өзбекстанда мобильді интернеттің таралуы 93%-ға жетті, бұл көрсеткіш өңірді телекоммуникация, бұлтты есептеулер жəне цифрлық инфрақұрылым саласы үшін ыңғайлы ортаға айналдырды. Қазақстан бұл бағытта көш бастап тұр: дата-орталықтардың қуаттылығы 2025 жылғы 4 000 бағаннан 2030 жылға қарай 20 000 бағанға дейін өсуі тиіс, ал бұл 180 МВт-тан асады. ЖИ есептеу қуаттарының артуы Қазақстанды трансшекаралық инвестициялар үшін маңызды бағытқа айналдырады. GITEX AI Kazakhstan 2026 аясында осы мүмкіндіктер таныстырылып, Қытай, Германия, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, БАƏ, Франция жəне Үндістаннан келген компаниялар арасында талқыланады. Қатысушылар қатарында əлемдік технологиялық көшбасшылар бар.

Халықаралық алпауыттармен қатар көрмеге алғаш рет Қазақстанның жетекші технологиялық компаниялары да қатысады.

Оқи отырыңыз: «Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

 

 

Новости партнеров