1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғындары кене энцефалитіне қарсы вакцинация мәселесі бойынша кеңес алып, кене шаққан жағдайда қайда жүгіну қажет екенін 1312 жедел желісі арқылы біле алады. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, кене шаққаннан кейін алғашқы 96 сағат ішінде міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Себебі дәл осы кезеңде кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу ең тиімді нәтиже береді.

Басқарма өкіддерінің мәліметінше, шұғыл көмек — кенені алып тастау және иммуноглобулин енгізу — қалалық ауруханалардың травматологиялық пункттерінде көрсетіледі.

Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары Жандосов көшесі, 6 мекенжайындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жүгіне алады.

Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына Папанин көшесі, 220 мекенжайындағы №4 қалалық клиникалық ауруханада көмек көрсетіледі.

Әуезов, Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындарын Қалқаман шағынауданы, 20 мекенжайында орналасқан №7 қалалық клиникалық аурухана қабылдайды.

Медеу ауданының тұрғындары Қазыбек би көшесі, 96 мекенжайындағы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жүгінуге тиіс.

18 жасқа дейінгі балаларға, тұрғылықты ауданына қарамастан, иммуноглобулин енгізуді қоса алғанда, шұғыл профилактика Манас көшесі, 40 мекенжайындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жүргізіледі.

Кене энцефалитінің алдын алудың ең сенімді жолы — вакцинация. Оны Алматы қаласының емханаларында алуға болады.

Қазіргі уақытта қала емханаларында 16 жастан асқан азаматтарға арналған «ТикоВак» вакцинасы қолжетімді. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда кене шаққаннан кейінгі шұғыл профилактика үшін қажетті вакцина мен иммуноглобулин қоры жеткілікті.

Егер кене шақса, иммуноглобулин енгізу арқылы шұғыл профилактика жүргізіледі.

Оқи отырыңыз:Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Новости партнеров