Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне гранттар беруге конкурс жарияланды

03.10.2024 в 12:00

Конкурсқа қатысуға өтінімдер  «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық формада қабылданады

Almaty.tv

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін гранттық қаржыландыруды ұсынуға конкурс жариялайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар "Бір ауыл – бір өнім"бағдарламасының финалистері болған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпорындарға  беріледі. Конкурстың жалпы бюджеті 500 млн теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер  «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық формада Kezekte.kz  жүйесінде 2024 жылғы 14-18 қазан аралығын қоса алғанда қабылданады.

Көрсетілген мерзімнен кейін берілген өтінімдер қабылданбайды. Портал https://kezekte.kz/ тәулік бойы жұмыс істейді.

Байқаудың мақсаты-әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қалада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.