Министр бірқатар нақты тапсырма берді
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматы қаласы полициясының жеке құрамымен жедел кеңес өткізді. Онда тоғыз айдағы қызмет қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Кеңесте министр қызмет бағыттары, оның ішінде мегаполистегі жедел жағдай мен «заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бойынша бірқатар басшыны тыңдады», - делінген хабарламада.
Ведомство басшысы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға мүлдем төзбеу бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында министр бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңдар: Алматы облыстық полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды