Қайғылы оқиға 18 қазанда болған
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар тас жолда жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Qazaqstan Media жазуынша, қайғылы оқиға 18 қазанда болған.
Жезқазған-Петропавл бағытындағы тас жолда Шал ақын ауданынан Ғ. Мүсірепов ауданына барар жолда «МАЗ» көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысқан.
31 жастағы автомобиль жүргізушісі МТЗ тракторын басып озбақ болыпты.
«Жол-көлік оқиғасынан 65 жастағы трактор жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Осыған қатысты ҚР ҚК 345 бөлігі 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: ІІМ басшысы Алматы полициясының жеке құрамымен кездесті