Инклюзивті мәдениет: Алматыда "Жүректен жүрекке" фестивалі өтеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестивальдің миссиясы — Алматыны инклюзивті мәдениеттің орталығына айналдыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда инклюзивті мәдениеттің жаңа кезеңін бастайтын «Жүректен жүрекке» қалалық инклюзивті фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды, жастарды және мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған ауқымды қалалық инклюзивті шығармашылық фестиваль — «Жүректен жүрекке» өтеді.

Фестиваль қоғамды біріктіретін, әрбір бала мен жастың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ашық алаң.

Фестивальдің идеясы мен форматы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Баланың құқықтары туралы» заңына және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес әзірленген.

Фестивальдің миссиясы — Алматыны инклюзивті мәдениеттің орталығына айналдыру.

Фестиваль философиясы: «Әр адам — бірегей. Әр адам — тең».

«Жүректен жүрекке» — бұл қоғамға арналған үндеу: балаларды аяу емес, олардың қабілеті мен талантын мойындап, қолдайтын уақыт келді. Инклюзия тек әлеуметтік саясаттың бағыты ғана емес, қаланың мәдени кодының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Фестиваль аясында Алматы 3 желтоқсан — Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күніне арналған жаһандық күн тәртібіне қосылып, Орталық Азиядағы ең ірі инклюзивті мәдени бастамалардың бірін іске асырады.

Ұйымдастырушылар:

  •  Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
  • «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі;
  • Qazaq Community Development қоғамдық қоры.

Фестиваль бағдарламасы (ең жарқын сәттер):

Фестиваль — 2,5 сағатқа созылатын шығармашылық шоу, эмоция мен өнердің тоғысқан тұсы:

  • арт-терапиялық және шығармашылық шебер сабақтары;
  • балалар мен жастардың кәсіби сахналық қойылымдары;
  •  танымал өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама;
  • инклюзивті ойын және коммуникациялық аймақтар;
  • фотоаймақтар мен арт-инсталляциялар.

Фестиваль жыл сайын өтетін жаңа қалалық дәстүр ретінде жоспарланған ауқымды мәдени іс-шараға айналады.

Күні: 2025 жылғы 13 желтоқсан (сенбі). Уақыты: 12:00–15:00. Өтетін орны: AlmaU университеті, Atrium залы (Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227).

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция күшейтілген қызмет тәртібіне көшті

Новости партнеров