Шетелдік туристердің Алматыға деген қызығушылығы 71%-ға артты

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі орнын нығайтып келеді. Mastercard Tourism Insights және D/AI Destinations халықаралық талдау платформаларының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ұшақ билеттерін іздеу сұраныстары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71%-ға өскен. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әсіресе, Қытай (+166%), АҚШ (+93%), Ұлыбритания (+85%) және Оңтүстік Корея (+75%) елдерінен қызығушылық көптеп тіркелген.

Цифрлық пікірлерді талдау қорытындысы бойынша Алматыға сапарға шыққан туристердің жалпы қанағаттану индексі 82,6 балл. Басқарма мәліметінше, қаладағы көрікті орындар, қонақ үйлер, мейрамханалар және қысқа мерзімге жалға берілетін орналастыру нысандары ең жоғары бағаланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді