«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімі базасында әскери қызметкерлермен «Заң мен тәртіп: құқықтық мәдениетті және азаматтық жауапкершілікті нығайту» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шара ұйымдастырушысы әрі модераторы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының басшысы Акильжанова Ләззат Төкенқызы.
Іс-шара спикерлері:
Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында қоғамды біріктіруге, патриотизмді дамытуға, әділеттілікті нығайтуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын бұлжытпай сақтауға бағытталған маңызды бастамаларды атап өткенін жеткізді.
Шара барысында құқықтық мәдениетті нығайту мен азаматтық жауапкершілікті арттыру, цифрлық қауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу және жеке деректерді қорғау, сондай-ақ цифрлық иммунитетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.
Оқи отырыңыз: Өлшем дәлдігі – сенім негізі: «ҚазСтандарттың» Алматы бөлімшесінің жылдық жұмысы қорытындыланды