Қылмыстық іс қозғалды
ШҚО-да пара алған екі лауазымды шенеунік қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы жол жөндейтін компаниялар мен автобус парктерінің өкілдерінен 134 миллион теңге заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында оның үйінен 121,9 миллион теңге және 97,7 мың доллар табылған. Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында Сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы да ұсталды. Күдікті ұстаздарға аттестаттаудан өтуге көмектесіп, ақша алып келген. Екі іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған. Сот санкциясымен көрсетілген адамдар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Қайырлы Ахмет.
Оқи отырыңыз: Жұмысына жауапты, өте ұқыпты еді: Жаңаөзенде көз жұмған дәрігер туралы әріптестері пікір білдірді