Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыда қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Концерттен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыдағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен де қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады.

Шаттлдар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

* Әуежай;
* Орбита шағынауданы;
* Алматы-1 теміржол вокзалы;
* Райымбек-Алатау;
* Алматы Арена.

Қосымша бағыттардың ұйымдастырылуы көрермендерге іс-шара аяқталғаннан кейін қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына жылдам жетуге мүмкіндік береді.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына Орталық стадионға бару және кері қайту бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

Еске салайық, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шара сағат 20:00-де басталады.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданындағы 69 қоғамдық тамақтану нысаны экологиялық таза жабдыққа көшеді