Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жалғасып келеді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көктемгі маусымда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарды «Алматы» ӘКК» АҚ өткізіп отыр, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жәрмеңкеде Алматы қаласының және Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарының, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауар өндірушілерінің өнімі ұсынылған.

Сауда алаңдарында 1000-нан астам азық-түлік өнімі қойылған.

2026 жылдың басынан бері жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар. Бүгінде демалыс күнгі жәрмеңкелерге 60 мыңнан астам адам келген. Бұл форматтың қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2026 жылы 16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке жұмысын бастады. Алдағы уақытта жәрмеңкелердің ауқымын кеңейтіп, қаланың барлық 8 ауданын қамту жоспарланып отыр.

Жәрмеңке әр сенбі және жексенбі  сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

– Бостандық ауданы: «Қазақфильм» шағынауданы;
– Әуезов ауданы: Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
– Медеу ауданы: Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
– Алмалы ауданы: Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
– Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы.

Сонымен қатар «Алматы» ӘКК» АҚ Бостандық ауданындағы («Қазақфильм» шағынауданы) және Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңкесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаны сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Made in Almaty: Алматы өнімдері халықаралық нарықта танылып келеді

Новости партнеров