Қауіпсіздік күшейтілді: Алматыда 45 мың бейнекамера біріктірілген бейнемониторинг жүйесіне қосылды

Нақты уақыт режимінде жүргізілетін технология жедел әрекет етуге мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қауіпсіздікті күшейту үшін тағы 45 мың бейнекамера біріктірілген бейнемониторинг жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасанды жады, технологиялардың озық түрлерін қолдану арқылы қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға қосу бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бейнеталдаудың соңғы нұсқасы түтін, от, адамның бет-әлпетінің өзгерістерін, киім үлгілерін және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жылдам анықтай алады. Нақты уақыт режимінде жүргізілетін технология жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

"Камераны біріңғай бейнемониторинг жүйесіне қостық. 2022 жылы жаппай адам жиналатын 3050 камера орнатылған. Ал биыл камера санын 6000-ға дейін өсіруді жоспарлап отырмыз", – деді Цифрландыру басқармасы ақпараттық қауіпсіздік және деректерді басқару бөлімінің басшысы Нұржан Нұрғисаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Plastic Reboot акциясы қорытындыланды

Новости партнеров