Референдумға дейін:
18
күн
4
сағат
12
минут

Қазақстандағы бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы наурызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 23%-ға артқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың қаңтар-наурыз айында Алматыдағы бөлшек сауда көлемі 1,4 трлн теңге болды. Қаладағы бөлшек тауар айналымының республикалық көлемдегі үлесі – 31,6%. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың мәліметінше, аталған кезеңде азық-түлік тауарларының сату көлемі 303,6 млрд теңгеге (үлесі – 21%), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,1 трлн теңгеге (үлесі – 79%) жеткен.

2025 жылы наурызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда салыстырмалы бағамен 23%-ға артқан (571,2 млрд теңге). Сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да 15,3%-ға өсім байқалды, деп атап өтті қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Оқи отырыңыз: Алматыда ең ұзын лағман дайындалып, елімізде жаңа рекорд орнатылды

Новости партнеров