ҚБТУ ғимаратынан шыққан өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды

15.01.2025 18:08

Жиында шаһардағы тарихи нысанды сақтап қалғандарға алғыс айтылды

Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимаратын шарпыған жалынды сөндіруге қатысқан сала мамандары бүгін "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шараға қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ жоғары оқу орнының ректоры Маратбек Ғабдуллин қатысты. Жиында құтқарушылардың шаһардағы тарихи нысанды сақтап қалғаны, мемлекеттік туды дақ түсірмей қызыл жалынның арасынан алып шыққаны сөз болып, жанқиярлықпен қызмет еткендерге алғыс айтылды.

Еске салайық, 11 қаңтарда түнгі сағат 10.00 шамасында нысан көк түтінге оранған еді. Ал өртті ауыздықтауға 80 қызметкер мен 28 техника жұмылдырылды.  

"Әріптестеріміздің қиын, жедел жағдайда батылдық жасаған ерлігі жай жарнама емес, Отанға деген сүйіспеншілік пен нағыз патриоттық сезім", - деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағдат Шайзада.

Оқи отырыңыз: Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге арналған қанша орталық бар