Халық қатысатын бюджет: Алматыда тағы бір жаңа сквер ашылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Шаңырақ-1 шағынауданындағы Ақын Сара көшесінде тұрғындардың серуендеп, тынығуына арналған жаңа қоғамдық кеңістік көркейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама қала тұрғындарына шағынаудандарын көркейту бойынша бастамасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Сквер аумағында жүргінші жолы салынып, демалуға арналған орындықтар мен жарық шамдары орнатылды, сондай-ақ көгал төселді.

Енді шағынаудан тұрғындары серуендеп, отбасымен уақыт өткізіп, таза ауада тынығуға болатын тағы бір көрікті орынға ие болды.

Еске салайық, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Тұрғындар аула мен қоғамдық кеңістіктерді көріктендіруге бағытталған жобасын ұсынып, ауданының дамуына үлес қоса алады.

Оқи отырыңыз: Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік және басқа да салалардың 473 жұмысшысы мемлекеттік наградаларға ие болды