Көшпенділер даласы: Алматыда ит тұқымдарына арналған көрме ұйымдастырылды

Халықаралық көрмеге 500-ден астам ит қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Көшпенділер даласы» деп аталатын иттер көрмесі өткізілді. Іс-шарада 50-ден аса жануардың тұқымы таныстырылып, үздіктері анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Жалпы саны 500 итке Словакия, Грекия және Қытай мемлекеттерінен келген мамандар сараптама жүргізіп, баға берді. 2 күнге жалғасқан халықаралық іс-шараға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің азаматтары да қатысқан. Ал көрмеге 30-ға жуық қазақ тазысы әкелінді. Халықаралық кинологиялық федерацияның вице-президенті Жерард Йиппинг олардың қаншалықты талапқа сай келетінін анықтады.

"Бойы, жүні, биіктігі, аяқтарының дұрыс болуы, құйрығы, құйрығының шыршағы, құлақтарының ұзындығы, тістерін, мінезін, яғни, темпераментін тексереді. Стандартқа сәйкес болса, жеңімпаз атанады. Итті арнайы бақылап, күшігін алуға, оның генетикасын сақтауға тырысамыз", – деді Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл – Қазақстанға асыл тұқымды иттің иесі деген мәртебе берілгеннен кейінгі алғаш рет өткізіліп отырған көрме. Осылайша «қазақ тазысы» әлем бойынша мойындалған ит тұқымдарының арасында тұңғыш рет оныншы топтың атынан шықты.

"Қазақ тазысын бүкіл дүниежүзі бойынша бекіттті, өте қуаныштымыз, Сұрып, тазыны дамытып, патенттеуге үлес қосуымыз керек", – деді  «Асыл мұра» федерациясының президенті Ернар Мүптекеев.

Иттер көрмесі қарсаңында 6-15 жас аралығындағы балалар қатысқан «Көшпенді және ит» суретшілер байқауы өткізілді. Қатысушылардың барлық туындысы 28-29 қыркүйектегі көрмеде жұртшылық назарына ұсынылып, жеңімпаздар иттер көрмесінің ашылуы қарсаңында марапатталды.

Оқи отырыңыз: Ұлттық ономастика: Алматыда республикалық семинар өтті

Новости партнеров