Шымкентте ХҚКО қызметкері бір топ адамды 180 млн теңгеге алдап кеткен

elements.envato.com
elements.envato.com

Әйел аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы бас маманына қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта белгілі болғандай, А. есімді азамат қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасаған.

«Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.

Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушіден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Прокурор сотталушы А.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Ал жәбірленушілер сотталушыға заңға сай, қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы А. тағылған айыпты ішінара мойындап, ҚК-нің 74-бабының негіздерін қолдануды сұрады.

«Сот  қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім балаларының болуын таныды, іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотпен, сотталушы кінәсін ішінара мойындағаны, шын ниетпен өкінбегені, 14 жәбірленушінің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал соммасы өндірілмегені және жәбірленушілердің кешірім бермегені, заңмен көзделеген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлері ескерілді. Сот А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Жайлаудан тауып алған: Алматы облысында қару-жарақ сақтаған малшы сотталды

Новости партнеров