Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

20.01.2026 15:45
пресс-служба акима Алматы

Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.