Турнирге 12 команда қатысты
Алматы қаласында Құрылысшылар күніне орай құрылыс саласының өкілдері арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Іс-шараны Алматы қаласының Құрылыс басқармасы өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Турнирге қаладағы алдыңғы қатарлы құрылыс, сәулет және мердігер ұйымдарынан құралған 12 команда қатысты. Қатысушылар тізімі:

Турнир қалалық Орталық стадионның қосалқы алаңында өтті. Жарысқа құрылыс ұйымдарының, техникалық бақылау және мемлекеттік инспекция өкілдерінің, сондай-ақ әкімдік бөлімшелерінің қызметкерлері белсене қатысты.
Қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірген Алматы қаласы Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Еламанов турнирдің маңыздылығына тоқталды:
«Біз мұндай спорттық жарыстарды жыл сайын дәстүрлі түрде өткіземіз. Турнир – құрылысшылардың арасындағы бейресми қарым-қатынасты нығайтып, саламатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Құрылыс маусымының нағыз қызған шағында әріптестеріміз уақыт тауып, алаңға жиналды. Бұл – олардың белсенділігі мен еңбекқорлығының белгісі».
Матчтар өте қарқынды өтті. Әр ойында қатысушылар жоғары физикалық дайындық пен командалық бірлікті көрсетті. Ойыншылар спорттық этиканы сақтап, қарсыластарына құрметпен қарады. Төрешілер тарапынан тәртіптік жаза қолдануды қажет ететін жағдайлар тіркелген жоқ.

Бұл жарыс құрылыс саласы мамандарының тек заманауи тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды салып қана қоймай, сондай-ақ жоғары спорттық әлеует пен жауапкершілікке ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар үздік қақпашы мен шабуылшыны жеке номинациялар бойынша атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматының бірнеше көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі