«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

15.08.2026 22:04
Кадр из видео

Көрермендердің барлығы стадионға кезегімен, ұйымдасқан түрде кіргізілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматыдағы Канье Уэсттің концертіне ерікті ретінде қатысып жүрген Жасұлан Нұрбек кештің халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, көрермендерді ауқымды шоу мен бұрын-соңды болмаған концерттік бағдарлама күтіп тұр.

Жасұлан волонтер болуды өз еркімен таңдағанын айтып, концерт барысында тұрғындар мен қала қонақтарын тәртіп пен тазалықты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге шақырып жүргенін жеткізді.

Оның айтуынша, көрермендердің барлығы стадионға кезегімен, ұйымдасқан түрде кіргізілген. Жасұлан үшін бұл – үлкен шараға үлес қосып қана қоймай, өзінің азаматтық белсенділігін көрсетудің мүмкіндігі.

«Волонтер болу – өз еркім. Тұрғындарды, жастарды, қала қонақтарын тәртіпке, тазалыққа және бір-бірін сыйлауға шақырып жүрмін. Осы арқылы өзімнің азаматтық белсенділігімді көрсеткім келеді», – деді Жасұлан Нұрбек.

Оқи отырыңыз: «Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Толық көрсету